"Раушан секілді аңқып тұрсың". Куәгер Бишімбаевқа жазған жазбасы туралы түсініктеме берді

23 Сәуір 2024, 17:40
1201
Бөлісу:
"Раушан секілді аңқып тұрсың". Куәгер Бишімбаевқа жазған жазбасы туралы түсініктеме берді
Фото: Жоғарғы Сот

Оқиға болған күні Бишімбаев басқа вип бөлмеде кездескен Гүлнар Насырбекова сотқа куәгер ретінде келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Бишімбаев екеуін бір ортақ топта мүшелік етеді. Ол куәлік ету барысында өзінің блогер екенін және әйелдерге спорт туралы блог жүргізетінін айтты. Осыған дейін ол Бишімбаевтың өзін гольф ойнауға шақырғанын айтты. Одан соң кешкі асқа шақырған.

9 қараша күні Бишімбаев маған түстен кейін кездесуді ұсынды. Мен такси тапсырыс беріп, мейрамханаға келдім. Есік жабық екен. Оған хабарласып едім, кухня жақтағы екінші есіктен шықты. Біз вип бөлмеге барып, диета, блог, реклама туралы әңгімелестік, - деді ол.

Прокурордың кездесу барысында Бишімбаев бөлектенді ме деген сұрағына:

Иә, екі-үш рет шығып келді. Негізінен оған телефон соғылғанда шығып жүрді, - деді ол.

Куәгер сөзінше, Бишімбаевпен ол 1,5 сағат бойы кездескен.

Сондай-ақ прокурор куәгердің Бишімбаевқа «айтпақшы, сен раушан секілді аңқып тұрсың» деп жіберген хабарламасын түсіндіруді сұрады.

Ұялы телефонымда Бишімбаев «Қуандық» деп сақталған. Ал өзімнің Алена атты туысым «Құдағи» деп сақталған еді. Біз Баодан шыққан соң Әйгерім екеуміз гүл мен торт алуға соқтық. Ол сол маңайда еді. Мен оны суретке түсіріп, құдағиыма жіберген едім. Мен ол хабарламаны бүгін ғана көрдім, - деп түсіндірді ол.

Ал прокурор жазбадағы «айтпақшы» деген сөзді жазу болашақтағы іс-әрекетті білдірмейтінін айтып, мәлімдеменің сәйкес келмейтінін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы