Рақымшылық жасау қылмыстық жауапкершіліктен құтқармайды - депутат

2 Қараша 2022, 11:21
1629
Бөлісу:
Рақымшылық жасау қылмыстық жауапкершіліктен құтқармайды - депутат

 Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жақында Парламент қабылдаған «Рақымшылық жасау туралы» Заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл заң - жаңа, әділетті Қазақстанның көрінісі екені сөзсіз. Сондай-ақ қоғам арасында тұрақтылыққа байланысты түрлі мәселелер орын алған еді. Аталмыш заң қаңтар оқиғасында алаңға шығып, араңдатушылардың құрбаны болып, мемлекеттік мекемелерді қиратуға қатысқан азаматтарға қатысты. Бірақ, бұл билікке қарсы шығып, заңсыз іс-әрекеттерді ұйымдастырушылар үшін негізсіз,-деді ол.

 Сондай-ақ депутат бұл заң олардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылуына жол бермейтінін айтты.

Рақымшылық сот үкіміне байланысты жазасын азайтады, бірақ қылмыстық жауапкершіліктен алып тастамайды. Жазаланушы оқиға барысында мемлекетке келтірілген залалдардың шығындарын толық өтейді,-дейді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сенат отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданғанын жазған болатынбыз.

Бұл заң негізінде  ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға: ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзім төрттен үшке, ал аса ауыр қылмыстар үшін жартысына қысқарады. Дегенмен, азаптаулар жасаған адамдар, террористер, экстремистер, рецидивистер және тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға рақымшылық көрсетілмейді.

Өзгелердің жаңалығы