Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Рақымшылық акциясы: 2 мыңға жуық адам бостандыққа шығады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
25 Маусым 2025, 13:40
1110
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов рақымшылыққа ілінген қанша адам бостандыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында депутаттар тарапынан Рақымшылық жасау туралы заң әзірленіп, қабылданғанын еске сала кетейік.

Кеше ғана Мемлекет басшысы ол құжатқа қол қойып, заң күшіне енді. Рақымшылық жасау арқылы 15 мың азаматтың жаза мерзімі қысқартылады. Оның 2 мыңға жуығы бостандыққа шығады, - деді Қошанов.

Оның сөзінше, бұл – адамгершілік тұрғысынан өте ізгі әрекет.

Қошанов шалыс басқан азаматтарға түзелуге жаңа мүмкіндік беріліп отырғанын қоса кетті.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата жұмысын қорытындылап, депутаттар ең бірінші қандай мәселеге мән беретінін атады.

Еске салайық, осыған дейін түрмеде отырғандарға рақымшылық жасалатын болды деп хабарланған. Сонымен қатар жемқорларға рақымшылық жасала ма деген тақырып көтерілген. Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасалатыны да айтылды.

Қазақстанда қандай қылмыс кешірілетінін және кімдерде үміт бар екені жайлы да жаздық.

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан бергі оныншы рақымшылық. Заң ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарды босатуды көздейді. Жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау сынды баптармен сотталғандар рақымшылыққа ілінбейді. Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспенмен сұхбаттасып, рақымшылық алу процесі қалай жүзеге асатынын білген едік.

Өзгелердің жаңалығы