Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды

21 Наурыз 2023, 18:35
1033
Бөлісу:
Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды
PHOTO
Фото: Абай облысы әкідігінің баспасөз қызметі

Бүгін Ұлыстың ұлы күні наурыз және қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды

Семей қаласына қарасты Шығыс саяжайында орналасқан мешіт құрылысының жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталды. Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтерген мешіт 100 адамға арналған. 

Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды

Бүгінгі мешіттің салтанаты ашылуына жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мешіт қызметкерлері және Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Алин қатысты. Бірінші ақсақалдар батасын беріп, мешіт қариы құран аятын оқыды. 

Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды

Көктемнің шуақты күні Семей қаласында қуанышты шара өтіп жатыр. Барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Бұл мешіт облысымызда, осы жердің тұрғындарына жақсы қызмет етеді,- деді облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұрат Алин. Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов мешіт құрлысына қолдау көрсеткендерге алғыс хат табыстап, өз ризашылығын жеткізді. Облыс әкімінің атынан Шалқар Байбеков жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен және қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. - Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен, қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Осы мереке күндерін облысымыз ерекше атап өтіп жатыр. Бұл жерде жастарымыз жақсы тәрибе алып, ел дамуына өз үлестерін қосады деп ойлаймын, - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды

Мешіт мұнарасының биіктігі – 15 метр болса, ал күмбезінің диаметрі - 4,5 метр, биіктігі – 2,5 метрді құрайды.

Рамазан айының қарсаңында Семейде жаңа мешіт ашылды
Өзгелердің жаңалығы