Рамазан-2022. Жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында сайыс өткізіледі

28 Наурыз 2022, 16:09
5031
Бөлісу:
Рамазан-2022. Жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында сайыс өткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. 

Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы. 

Сонымен қатар ол дін мен дәстүр бағытын қатар ұстанып келе жатқанымызды алға тартты. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тағы да басымдылық беретін бағытының бірі – дін мен дәстүр бағыты. Әрқашан біз діни мерекелерімізді дәстүріміздегі мерекелермен сабақтастыра отырып, елімізге кеңінен насихаттап келеміз. Өйткені біздің салт-дәстүріміз тұнып тұрған ислам діні екенін де көреміз, - деп атап өтті бас мүфти. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығының ашылғандығы туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы