Ракпен ауыратындарға міндетті түрде вакцина алу керек – дәрігер

22 Қазан 2021, 13:06
5960
Бөлісу:
Ракпен ауыратындарға міндетті түрде вакцина алу керек – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте қатерлі ісікке шалыққан науқастарға уақыт өткізбей вакцина алу қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, Алматыда қатерлі ісік бойынша тіркелгендердің 30 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаны алған. Олардың денсаулығында ешқандай асқынулар болмаған.

Биыл есепте тұрған адамдардың 1 227-сі коронавируспен ауырды. Вирус жұқтырып, ауырғандар арасында өлім-жітім 30% болды, қалғандары емделіп шықты. Бұл науқастарда коронавируспен ауырып қалу тәуекелі жоғары болғандықтан, оған қарсы вакцинаны алғандары дұрыс. Оған қоса қасында бірге тұрып жатқан адамдар да вакцина алуы керек. Тек, химиятерапия алып жатқан науқастарға вакцинаны салдырмай тұра тұрған жөн,-дейді Н. Ізбағамбетов.

Статистикалық деректер бойынша, Алматы қаласында келесі сүт безінің қатерлі ісігі бірінші орында, екінші орында - колоректальды қатерлі ісік, өкпенің қатерлі ісігі - үшінші орында, төртінші орында - асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында - аналық бездің қатерлі ісігі тұр екен.

Қатерлі ісіктен өлім бойынша Алматы қаласында: өкпенің қатерлі ісігі - бірінші орында, екінші орында- сүт безінің қатерлі ісігі, үшінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, колректальды қатерлі ісік төртінші орында, ал, бесінші орында- ұйқы безінің қатерлі ісігі тұр.

Өзгелердің жаңалығы