Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикадағы жалпы салықтық және басқа да ауыртпалықты 34%-дан 20-25%-ға дейін азайту керек. Бұл бюджет кірістерін арттырады. Мұндай пікірді президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев айтты.
«Жолдауда айтылған тағы бір маңызды бастама – бұл салықтар мен төлемдердің барлық бюджеттік қорларға бірыңғай төлемге біріктірілуі. Бұл тұрғыда консенсус бар. Мүмкін кезең кезеңімен жүргізуге болады. Біріншіден, төлемді біріктіру, екіншіден, базалық аударымдарды бірыңғай жүйге келтіру керек. Үшіншіден, Грузияның моделін қарастырып көрген дұрыс болар деп ойлаймын. Яғни, Грузияның тәжірибесі бойынша салықтық жүктемені 34%-дан 20-25%-ға дейін азайтуға болады. Біздің алдын ала есебіміз бойынша, егер салықтық жеңілдік болса, керісінше бюджеттің кірісі артады. Бұл дегеніміз Лаффер қисығының бойымен оңтайлы деңгейге ауысады", - дейді Ошақбаев 6 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық сенім ұлттық кеңесінің алғашқы отырысында.
Айта кетейік, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ҚР президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты - жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.