Рахымбеков ауыл мәселесі мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтты

1 Қараша 2022, 12:09
804
Бөлісу:
Рахымбеков ауыл мәселесі мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіретінін айтты

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған республикалық штаб мүшесі Төлеутай Рахымбеков бұл туралы үгіт-насихат науқанының 10 күнінің қорытындысын шығару жөніндегі жұмыс отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біздің партияның, оның ішінде біздің кандидатымыздың ұстанымы – ауылдарды дамыту. Ауыл шаруашылығын дамыту бірінші орынға шығарылуы керек. Егер ауыл мен ауыл шаруашылығының проблемасын шешсек, Қазақстанның жалпы, оның ішінде қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешіледі, - деді ол. 

Оның айтуынша, күрделі мәселеге айналған азық-түліктің бағасы тек қана ауыл шаруашылығы арқылы шешіледі. Рахымбеков жұмыссыздық та ауыл шаруашылығы арқылы шешілетінін алға тартты. 

Егер ауыл шаруашылығында 1 жұмыс орнын ашсақ, ол қалада 6-7 жұмыс орнын ашады. Қайта өңдеу кәсіпорны, сауда, консалтинг бар, тасымалдау компаниялары. Осы мәселені шешу арқылы баспана мен балабақшаға кезек те шешіледі, - деді ол. 

Штаб мүшесі шешу жолдарын да ұсынды. Оның сөзінше, ауылдық елді мекендерде, біріншіден, өндірістік инфрақұрылымды әзірлеу қажет.

Инженерлік инфрақұрылымды тиісті деңгейге көтерсек, яғни ауыз су, жол, интернерт, электр қуаты, газ. Әлеуметтік инфрақұрылымды жөні түзу деңгейге көтерсек. Қала мен ауылдың арасындағы арақашықтықты жойсақ. Неге қала балаларының жағдайы басқа болу керек. Ауылдың балаларының қай жері кем? – деді ол өз сөзінде.  

Төлеутай Рахымбеков осы мәселелердің шешілмеуінен ауыл тұрғындары қалаға көшкісі келетінін алға тартып, ол мемлекеттік қауіпсіздік мәселесіне қатер төндіретінін айтты.  

Өзгелердің жаңалығы