Раев волонтерлық қозғалыс пен Қазақстанның әлемдегі орнын айтты

20 Маусым 2023, 15:25
826
Бөлісу:
Раев волонтерлық қозғалыс пен Қазақстанның әлемдегі орнын айтты
Фото: Артём Чурсинов

Халықаралық волонтерлер форумының кезекті сессиясында Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Волонтерлық қозғалыс – ең алдымен, азаматтық қоғамды құрудың негізгі инструменті. Соңғы жылдарда волонтерлық мәдениеттің жастар арасында жанданып жатқандығы бұл – жаһандық позитивті тенденция. Волонтерлық – азаматтардың ерікті таңдауы. Ол – адамгершіліктің ең биік үлгісі, - деді ол.

Сонымен қатар, Сұлтан Раев волонтерлық қозғалыс қандай постулаттардан тұратынына тоқталды.

Волонтерлық қозғалыс қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысқа өзгеше ықпал етеді. Өйткені оның идеялары бірінші кезекте гуманистік постулаттардан бекіген. Адам адамға дос, адам адамға пайдалы, адам адамға көмекші деген дәстүрлі түсініктерден тұрады, - деді Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының бас хатшысы.

Ол өз сөзінде еліміздің әлемдік аренадағы орны жоғарылағанын да айтып өтті.

Соңғы уақытта Қазақстанның әлемдік аренадағы орны жоғарылап, Еуразияның орталығы ретінде бүгінгі заманның ең актуалды мәселелерін көтеретін үлкен ортаға айналып келе жатыр. Қазақстан – әлемнің кіндігі. Сонымен қатар, жаһандық консолидация идеяларының бастамашысы ретінде Еуразия құрлығында алдынғы қатарға шығып тұр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы