Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері далалық жағдайда өз шеберлігін жетілдіруде

7 Тамыз 2021, 19:38
2334
Бөлісу:
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері далалық жағдайда өз шеберлігін жетілдіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери химиктері өз арналымы бойынша тапсырмаларды пысықтау үшін «Айша бибі» полигонына шықты. РХБҚ бөлімшелерінің лагерьлік жиыны екі аптаға созылады.

Бұл туралы Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері далалық жағдайда өз шеберлігін жетілдіруде

Сабақтар барысында РХБҚ әскерлері қолданатын барлық арнайы техника тартылады.

Әскери қызметшілердің басты міндеті – үнемі жауынгерлік әзірлікте болу. Бұл үшін әркім өз функционалдық міндеттерін егжей-тегжейлі білуі тиіс: жеке және бөлімше құрамындағы, сондай-ақ сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты жетік меңгеруі тиіс.

Күнделікті қызметтік іс-әрекет барысында әскери қызметшілер әскери мамандықтар бойынша даярлықтан толық көлемде өтеді, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық сипаттамаларын зерделейді. Алайда полигон жағдайында әскери қызметшілер алған білімдерін іс жүзінде бекітеді, өз дағдыларын, іс-қимылдарының алгоритмін пысықтайды және шыңдайды.

Лагерьлік жиын өткізу – бұл әскери қызметшілерді тәжірибелік оқытудың тиімді әдісі, – деп атап өтті. 
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы подполковник Бағлан Андасов. – Далалық жағдайда жауынгерлік оқу үздіксіз жүргізіледі, себебі әскери қызметшілер шатырлы лагерьдегі полигонда орналасады және барлық күндер тек қана тапсырмаларды пысықтауға арналады.

Екі апта бойына химик-жауынгерлер полигонда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарымен жұмыс істеу нормативтерін пысықтап, арнайы техниканы дайындау және қолдану бойынша жаттығулар орындайды, сондай-ақ аэрозольді бүркемелейтін жабындарды түтіндету дағдыларын жетілдіретін болады.

Далалық лагерьлік жиындарды өткізу – бұл жауынгерлік оқу үдерісіндегі маңызды кезең, – деп атап өтті «Оңтүстік» ӨңҚ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонының командирі майор Владимир Торлопов. – Егер оқудың бастапқы кезеңі мамандарды жеке даярлауға арналған болса, онда келесі кезеңдерде әскери қызметшілер өз міндеттерін бөлімшелер құрамында пысықтауға үйренеді. Далалық жағдайдағы практикалық жұмыс – бірлескен іс-қимылдардың үйлесімділігіне қол жеткізудің ең жақсы мүмкіндігі.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері далалық жағдайда өз шеберлігін жетілдіруде

Далалық лагерь жиынына қатысудың арқасында жақында келісімшарт бойынша қызметке кіріскен жас әскери қызметшілер радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің қарулануында тұрған арнайы жабдықпен жұмыс істеудің алғашқы практикалық тәжірибесін алады. Бұл ретте оларға командирлер мен тәжірибелі әскери қызметшілер көмектеседі, олар өз кезегінде оқыту әдістемесінде тәжірибе жинақтайды.

РХБЗ әскерлері жататын қос мақсаттағы компоненттерді дамытуға Қарулы Күштердің басшылығы ерекше назар аударатынын атап өткен жөн. Оларды тек соғыс уақытында ғана емес, бейбіт уақытында да қолдануға болады. Бұны армияның коронавирустық инфекцияның пандемиясына қарсы
іс-шараларға қатысуы көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы