ҚР Қорғаныс министрлігінің аумағында дрон залалсыздандырылды

8 Тамыз 2019, 00:35
1626
Бөлісу:
ҚР Қорғаныс министрлігінің аумағында дрон залалсыздандырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің бақылау-өткізу пунктінің аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты (квадрокоптер) анықталып, залалсыздандырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, квадракоптердің иелері ғимаратты күзету бойынша әскери полиция сақшыларымен ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды.

«Қорғаныс министрлігі өз тарапынан дрон иелеріне әуе кеңістігін пайдалану ережелерін, сондай-ақ ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»  Заңымен реттелетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібін қатаң сақтау қажеттігі туралы қайталап еске салады. Әскери объектілердің үстінен ұшқышсыз ұшу аппараттарын рұқсатсыз пайдалану - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабын бұзу болып табылады және жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК, лауазымды тұлғалар үшін – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады»,-делінген хабарламада.

Әскери объектілердің үстінде дрондарды ұшыру "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 3-тармағына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметімен  келісілуі тиіс. Заңнаманы бұзған жағдайда ұшқышсыз ұшу аппараттары арнайы басу құралдарымен залалсыздандырылады, ал оның иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 



 

Өзгелердің жаңалығы