Әркез өмірлеріне қауіп төніп тұрады. Вице-министр ашығын айтты

2 Қыркүйек 2020, 18:50
2230
Бөлісу:
Әркез өмірлеріне қауіп төніп тұрады. Вице-министр ашығын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты. 

Қорықшы болу оңай емес. Әркез өмірлеріне қауіп төніп тұрады. Былтырғы жылы бірнеше қорықшымыз дүниеден өтіп кетті. Киікті қорғайтын үш инспекторымыз қаза тапты. Бұл өкінішті жағдай. Браконьерлік оқиғалардың көбісі киікке байланысты. Өйткені оның мүйізінің бағасы қара нарықта өте жоғары. Тіпті, келісі 3,5-4 мың долларға дейін тұрады. Елбасы осыған өзі назар аударып, бізге тапсырма берді. Қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізілді. Соңғы жылдары тіптен үдеп кетті. Болмады, - дейді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, балық пен аңды заңсыз аулағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, мүлкі тәркіленеді.
Одан тыс сирек кездесетін, тіптен жоғалып кету қаупінің алдында тұрған аңдар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер қылмыстық теріс қылық ретінде емес, енді орташа ауырлықтағы қылмыс қатарына ауыстырылып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отыр. Биыл 11 700 заң бұзушылықты анықтадық. Оның ішінде 1008 адамды әкімшілікке жауапкершілікке тарттық. 12 браконьердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алдағы жылдары браконьерлік баяулайды деп ойлаймын. Өйткені заң қатаңдатылып отыр. Бүгінгі деңгейдегі браконьерлікті болдырмау бар күшті салып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 90-жылдары 1 илн 300 киік болса, 2003 жылы бар-жоғы 21 мың қалған. Сөйтіп, үкіметтің қыруар қаржы салып істеген жұмысының арқасында 400 мыңға жеткіздік, - дейді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы