ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындықты бастап кетті

27 Шілде 2019, 06:48
1501
Бөлісу:
ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындықты бастап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеңес ұлттық экономика министрлігінің, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ТКМӨҚ» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен ҚР ИИДМ вице-министрі Аманияз Ержановтың төрағалығымен өтті.

Әкімдіктерге коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халыққа көмір дайындау бойынша; көмір тапшылығын болдырмау үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау бойынша; коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмірді жеткізуге мониторинг жүргізу және апта сайынғы негізде ҚР ИИДМ ақпарат жіберу;көмірдің бар болуы және сату нүктелері туралы хабарлау үшін жедел желі құру бойынша; дұрыс емес ақпаратты таратуға жол бермеу бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы; көмірдің заңсыз қымбаттауын болдырмау үшін монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы