Қазақстан мен Ресей "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған кешен құруға келісті

30 Шілде 2020, 17:28
1458
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған кешен құруға келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келісімге "Бәйтерек" БК бас директоры Қуат Мұстафинов пен "Энергия" РКК бас директоры Игорь Озар қол қойды.

"Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы мен "Бәйтерек" БК (Ресей-Қазақстан) "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған ғарыш зымыран кешенін құру бойынша қызмет көрсету келісімшартына қол қойды. Бұл туралы interfax.ru "Роскосмос" корпорациясына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бәйтерек" жобасы Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-5" орта класты перспективалық зымыран тасығышын ұшыру үшін "Зенит-М" жерүсті ғарыш инфрақұрылымы базасында "Бәйтерек" зымыран кешенін құруды көздеп отыр, - делінген корпорация хабарламасында.

"Бәйтерек" жобасы бойынша келісім бейсенбіде Байқоңыр қаласында жасалды. Соның негізінде ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін жаңа буынның орта класты ғарыштық мақсаттағы зымыран базасында ғарыштық зымыран кешенін құру көзделмек.

Келісімге "Бәйтерек" БК бас директоры Қуат Мұстафинов пен "Энергия" РКК бас директоры Игорь Озар қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы