Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті СҚО-дағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта психологиялық көмек көрсетіледі. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады, - деді комитеттің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Бала құқықтары жөнінде уәкіл Динара Зәкиева оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.
Оқи отырыңыз: