Қазақстанда қызылшаға шалдыққандар саны 1700 жуықтады

9 Ақпан 2019, 13:28
1738
Бөлісу:
Қазақстанда қызылшаға шалдыққандар саны 1700 жуықтады

Фото: kznews.kz

Астана, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Қазақстанда қызылшаға шалдығудың 1636 фактісі тіркелген. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жыл басынан бері қызылша ауруына шалдығудың 1636 жағдайы тіркелсе, соның ішінде, 14 жасқа дейінгі балалар – 1200 (73,3%)», - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды анықтау және екпе жасауға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылған. 

«Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе алмаған және қызылшаға қарсы екпе туралы еш мәліметі жоқ 30 жасқа дейінгі 3493 адамға екпе жасалған. Медициналық мекемелерде науқастарға көмек көрсету бойынша резервті орындар ұйымдастырылды», - деп жазылған баспасөз мәлімдемесінде.
Өзгелердің жаңалығы