Қызылордалық тұрғыннан қару мен есірткі тәркіленді

1 Қазан 2023, 09:31
1024
Бөлісу:
Қызылордалық тұрғыннан қару мен есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қызылорда облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұрлық қылмысы үшін бұрын сотты болған 32 жастағы қызылордалық тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ сілтеме жасап.

Оның тұрып жатқан мекенжайынан қару оқтарымен, есірткі заттары және үйдің қорасына жасырылған зергерлік бұйымдар табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы