Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

23 Наурыз 2023, 17:21
1534
Бөлісу:
Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр
Фото: Жандос Шораевтың мұрағатынан

Қызылордалық жас кәсіпкер Жандос Шораев ерекше әдіспен кілем тоқып жүр, - деп хабарлады Қызылорда облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ол үйін цехқа айналдырып алған. Екі айдан бері 20 кілем тоқып үлгеріпті. Әрқайсысын тоқуға көлеміне қарай берісі үш-төрт күн, әрісі бір апта керек.

Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

Қазір көпшіліктің қолөнерге қызығушылығы жоғары. Сол себепті тапсырыс берушілер жетерлік. Сыйлық ретінде ұсынғысы келеді.  Тұтынушы талабынан шығуға тырысамыз. Біз үшін сапа басты орында, - дейді кәсіпкер.

Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

Кілем өндірісіндегі ерекшелік — тафтинг әдісін пайдалану. Ол бойынша бір жіппен тоқымайды, түйінделген шоқтармен толтырылады.

Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

Кілемдері көз тартарлық. Сапасы да тәуір. Өз қалауың бойынша өрнек, сурет салдыра аласың, - дейді Айнаш есімді қала тұрғыны. 

Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

Технологияны меңгерген жігіт былтыр 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде  2,5 миллион теңге қайтарымсыз грант иеленді. Құрал-жабдық сатып алғасын жұмысты бастап кеткен.

Өнім сапалы шығу үшін жібек жіп пайдаланылады. Ол Алматы қаласынан жеткізіледі. Осы мегаполисте кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтар үйрендім, - дейді Ж.Шораев.

Қызылордалық теолог кілем тоқып жүр

Жандостың негізгі мамандығы — теолог. Ерекше кәсіпке жетелеген сурет салуға икемділігі еді. Кілем тоқығанға дейін шегеден картина құрастырып жүрген. Оны «стринг-арт» деп атайды. Кейіпкеріміздің ендігі ойы — қалаулы кәсібін одан әрі дөңгелету.

Өзгелердің жаңалығы