Қызылордалық білім алушылар оқу орны лицензиясынан айырылып, жабылатынына алаңдаулы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен тақырып - Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің тағдыры болып отыр. Бүгінде лицензиясынан айырылды дегенді қауесетке балап жүргендерге университет тарапынан басқа оқу орындарына алмасу қажеттігі хабарланған.
Білім алушылар оқуға толық төлем жасағанын айтып, басқа оқу орындарына қалай алмасатындарына алаңдаулы. Ал университет ұстаздары болса, оқу жылының ортасында жұмыссыз қалғандарына наразы. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
Осы мәселені анықтау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінен сұраған едік.
Анықталып жатыр. Ресми мәлімдеме болады, – деген жауап алдық.
Мәселенің анық-қанығын білу үшін алдағы уақытта министрліктен жауап күтетін боламыз.