Қызылордада жоғалған 6 жасар қыз әлі табылған жоқ

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.

 Қызылорда облысы ПД Бүгiн 2026, 08:31
Бүгiн 2026, 08:31
221
Фото: Қызылорда облысы ПД

5 маусым күні кешкі уақыттан бері із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған Медина Мұратбекқызын іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Қызылорда полициясының мәліметінше, қыз бала 5 маусым күні сағат 18:30 шамасында Рисмаш ауданындағы Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан бөгет аумағына ойнауға шығып, содан бері үйіне оралмаған.

Мединаның ерекше белгілері:

  • Бойы – 110-120 см;
  • Дене бітімі – арық;
  • Шашы – қара түсті, иығына дейін;
  • Көзі – қоңыр түсті.

Үстіндегі киімдері:

  • Ашық жасыл түсті гүлді футболка;
  • Ақ түсті шорты;
  • Көк түсті сүйретпе аяқ киім.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, еріктілер, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.

Іздестіру шаралары арнайы кинологиялық қызметтің із кесуші иттері, дрондар және сүңгуірлердің көмегімен жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру топтары құрылып, барлық қажетті жұмыстар атқарылуда.

Қыз баланың фотосуреті мен жеке белгілері туралы ақпарат тиісті аумақтарға таратылып, іздеу жұмыстары жалғасуда.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қызылорда қаласы Полиция басқармасы (@police_kyzylorda)

Наверх