Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі адам анықталды

1 Желтоқсан 2023, 19:30
749
Бөлісу:
Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан екі адам анықталды

Қызылорда облысында “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 азаматша анықталды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 қараша күні жедел рейд барысында облыс орталығындағы екі саунада 39, 50 жастағы меңгерушілері пайдакүнемдік мақсатта келген тұтынушыға жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан. 

Күдікті азаматшалар саунаға келген тұтынушыларға қыздарды ұсынып, әрбір шақыру бойынша 5 мың теңге сыйақы ретінде ақшалай қаражат алып отырған. 

Оқиға орнында заттай дәлелдемелер: ақша және байланыс құралдары алынды. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Өзгелердің жаңалығы