Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем көлігін мас күйінде басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Самара-Шымкент» тасжолында полицейлер оны тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында оғаш қылығын аңғарған. Арнайы медициналық тексеру қорытындысы жүргізішінің масаң күйде болғанын растаған. Қазір ол қамауда.
Жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізші куәлігінен айырылды. Айта кетейік өңірде 6 мен 8 аралығында «Қауіпсіз жол» жедел шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады, - дейді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция рота командирі Дархан АЛМАТОВ.