Қызылордада жанжал атыспен аяқталды

10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 12 Қаңтар 2023 2023, 13:19
12 Қаңтар 2023 2023, 13:19
988

10 қаңтар сағат 01:30-да лаундж-барлардың бірінде Қызылорданың екі тұрғыны арасында жанжал болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. 

Кезекші тәртіп сақшылары күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстады. Дәлелдер алынды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх