Қызылордада ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқарды

18 Наурыз 2023, 09:26
695
Бөлісу:
Қызылордада ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқарды
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Қызылорда қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке шыққан Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйдің бірінен шыққан өртті байқап, адамдарды құтқарды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Оқиға 16 наурыз күні кешкі уақытта болған. Өрт төртінші қабаттағы пәтерден шыққан. 

Жалынды байқаған жасақ бастығы Алан Жұматаев қасындағы патрульдеушілер Бейбарыс Төрежан мен Нұртілек Жұмашты ертіп, дереу өрт шыққан көпқабатты үйдің кіреберісіне жеткен. 

Сонымен қатар өрт сөндіру қызметіне және әскери жасақ бастығына хабар берген. Ұландықтар алдымен тұрғын үйді қоршауға алған. Кейін үйдің ішіне кіріп, адамдарды қауіпсіз жерге шығара бастаған. 

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін өрт ауыздықталды. 

Өрт менің балконымнан шықты. 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері келіп, мені және балаларымды алып шықты. Дер кезінде көмекке келген сарбаздарға, олардың командирлеріне алғыс айтамын, – деді сол үйдің тұрғыны Шынар Махамбетқызы.

Өзгелердің жаңалығы