Қызылордада тұңғыш рет бір күнде үш бүйрек трансплантациясы жасалды

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында үш науқасқа бір күнде бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 Денсаулық сақтау министрлігі 17 Желтоқсан 2025 2025, 08:32
17 Желтоқсан 2025 2025, 08:32
467
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында үш науқасқа бір күнде бүйрек трансплантациясы сәтті жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші трансплантация 41 жастағы әйелге жасалып, донор ретінде оның ағасы қатысқан.

Екінші ота 20 жастағы жігітке жасалып, донор – науқастың 54 жастағы анасы болды.

Үшінші трансплантация 43 жастағы әйелге жасалып, донор ретінде науқастың жұбайы қызмет етті.

Операцияны Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ трансплантологтары Ернұр Белгібаев пен Елшат Нәбиев басқарған команда орындады.

Ота сәтті өткен, науқастардың қазіргі жағдайы орташа ауыр, ем шаралары жүргізілуде.

Айта кетейік, ауруханада бұған дейін 8 бүйрек және 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалған.

Наверх