Қызылордада төрт үй өртеніп кетті

15 Шілде 2023, 21:45
1432
Бөлісу:
Қызылордада төрт үй өртеніп кетті
Фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында болған өрт бірнеше жеке тұрғын үйдің ауласына таралды. Өрт оқиғасы салдарынан мал қорада тұрған сегіз сиыр өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт 14 шілдеде сағат 16.00 шамасында болған. Төтенше жағдайлар департаментіне А.Пушкин көшесіндегі тұрғын үйдің бірі жанып жатыр деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына департаменттен 1 техника мен 5 қызметкер барды. Өрт сол көшеде тұрған бірнеше үйдің сарай, төбе жабыны, мал қора және Т. Жүргенов көшесіндегі шатырының ағашын шарпыған. Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 литрлік, 1 дана 27 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 16.49 -да оқшауланып, сағат 17.46-да сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қызыл жалын салдарынан тұрғын үйлердің біріндегі мал қорада тұрған 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кетті, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге барлығы 45 қызметкер 10 техника жұмылдырылды. Өрттің шығыны мен орын алу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы