Қызылордада қатты жел бірнеше нысанның шатырын ұшырды

22 Мамыр 2022, 14:00
1262
Бөлісу:
Қызылордада қатты жел бірнеше нысанның шатырын ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екпінді желден 2 ғимараттың шатырлары құлады, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Жаманбай батыр ауылдық округі Бесарық ауылында «Бесарық ауылдық клубы» ауданы 753,6 ш.м. және «Төменарық ауылдық округінің әкімінің аппараты» ауданы 234 ш.м. шатырлары  құлаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқару органы комиссиясы жұмыс жасауда. Оқиға орнына Жаңақорған ауданы төтенше жағдай қызметінің мамандары шықты, – дейді өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Шиелі ауданында дауылдан 5 ғимараттың шатыры құлады.

Бәйгеқұм, Жөлек ауылында және Еңбекші ауылдық округі Қосүйеңкі елді мекенінде орта мектептің және Шиелі индустриялық-аграрлы колледждің шатыры құлады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығының шатырларын жел ұшырып әкетті.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жергілікті атқару органының комиссиясы  жұмыс жасауда, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы