Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен рифингте айтты.
Қызылорда облысында әскери Қайсаров қаза болған терроризм фактісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Шымкент қаласының прокуратурасымен 35 күдікті сотқа берілді, олар қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні орталық алаңда полицияның қызметтік автокөліктерін қиратты, металл арматурамен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады, содан кейін әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға белсенді түрде қатысты, - деді Қилымжанов.
Ол атағандай, сот үкімімен көрсетілген адамдарға түрлі жазалау шаралары тағайындалды.
Осы әрекеттердің мақсаты халық арасында үрей мен қорқынышты туғызу, жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі жасау болған.Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда, - деді ол.
Сондай-ақ процестік келісім институты кеңінен қолданылып жатыр.