Қызылордада полиция қараусыз жүрген малдың иесі жауапқа тартылатынын ескертті

24 Сәуір 2024, 19:36
387
Бөлісу:
Қызылордада полиция қараусыз жүрген малдың иесі жауапқа тартылатынын ескертті
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында полиция қараусыз жүрген малдың иесі жауапқа тартылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz

Малдың жоғалуының себебі – пада ұйымдастырылмай, қараусыз қалдыру. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен және ветеринария қызметімен бірлесіп, жолдарда мал тасымалдайтын көлік құралдары мен малдарға тиісті құжаттарын (малдың төлқұжаты жоқ немесе ветеринарлық анықтамасы жоқ, таңбалары мен сырғаларындағы нөмірлері сәйкес келмеу деректері) тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Одан бөлек, көршілес Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы әріптестермен ақпарат алмасуда.

Сонымен бірге қараусыз, бей-берекет белгіленбеген орында жайылып жүрген малдардың иелеріне әкімшілік кодекстің 408-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілуде (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу, санкциясы 3-тен 10 АЕК дейін айыппұл). Сол себепті малдарды бақташымен пада арқылы белгіленген орындарда жайған дұрыс (2024 жылдың 3 айында – 187 хаттама толтырылған). Қылмыстардың уақытылы ашылмауына жоғалған малдарын иелері өз күштерімен іздеп, полицияға кеш арыздануы да әсер етуде. Қабылданған шаралар мал ұрлығымен айналысатын тұлғалардың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл болды.

Нәтижесінде мал ұрлықтары төмендеп (-26,6% ге), ашылуы жақсарды. Дегенмен де ұрлық бойынша уақытылы хабарлау, пада ұйымдастыру, малдарды таңбалау, сырғалау, JPS құрылғыларын енгізу жұмыстарын жүргізу тиімді болар еді. Себебі, ұрланған малдарды табу, тану барысында қиындықтар туындауда.

Қызылордалық полицейлер мен жергілікті атқарушы органдары бірлесіп мал ұрлығын болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген жұмыс істеп жатыр. “Мал ұрысы”, “Соғым” жедел-профилактикалық шаралары аясында облыс аумағындағы шаруа қожалығының барлығына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға малдарды тіркеу, сырғалау, арнайы чип салу қажеттігін жиі ескертілуде. Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасатын болады.
 

Өзгелердің жаңалығы