Қызылордада мұғалімдерді заңсыз жұмысқа алған мектеп директоры сотталды

Бүгiн, 00:54
253
Бөлісу:
Қызылордада мұғалімдерді заңсыз жұмысқа алған мектеп директоры сотталды
Фото: архив

Қызылорда қаласының прокуратурасы қызметтік жалған әрекет жасау фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратурадан хабарлағандай, білім беру ұйымдары азаматтарды мұғалім ретінде жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар шығарып, еңбек кітапшаларына мәліметтер енгізген.

Педагог ретінде конкурссыз жұмысқа орналасуға жағдай жасалған, – деп жазылған хабарламада.

Қала прокуратурасы 2 мектеп директорына қатысты қызметтік жалғандық жасау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 369-бабының 1-бөлігімен қылмыстық істі тіркеліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының №2 сотымен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы