Қызылордада газ тасымалдауға монополиялық жоғары тариф белгіленген

10 Тамыз 2022, 11:25
915
Бөлісу:
Қызылордада газ тасымалдауға монополиялық жоғары тариф белгіленген

Қызылордада газды тасымалдау үшін монополиялық жоғары тарифтер белгіленгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг органдары мұнай өнімдерін заңсыз экспорттауды ауыздықтау бойынша шаралар қабылдауда. 

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. 

Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, олар жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған. Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып табылады. Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған, - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

 

Өзгелердің жаңалығы