Қызылордада есірткі жарнамалары өшірілді

11 Қараша 2024, 12:39
329
Бөлісу:
Қызылордада есірткі жарнамалары өшірілді
Фото: polisia.kz

Қызылордада есірткі жарнамасы бар граффити жазуларды өшіру бойынша ауқымды акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері, студенттер мен еріктілер есірткі қылмысымен күресу баршаға ортақ іс екенін айқын көрсетті. Полиция департаментімен тұрғындардың нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 391 профилактикалық іс-шара өткізілді. 

Профилактикалық жұмыстарды нығайту мақсатында қала, аудан жасөспірімдері арасында есірткі заттарының алдын алу үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі қызметкерлері, оқушы, ата-аналар мен оқытушылар қауымы қатысты. Жалпы ұйымдастырылған барлық іс-шараларға 79 мың 846 адам қатысты. 

Есепті мерзімде 286 есірткі қылмысы тіркелген (оның ішінде өсіру – 72, өткізу – 18 , аса ірі көлемде сақтау – 6 , жарнамалау – 18 , теріс қылық – 107 ). “Amanat” партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар 50-ден астам граффити-жазулары жойылып (Қызылорда қаласында), нәтижесінде оларды салу деректері азайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы