Қызылордада есірткі сатушылар ұсталды

3 Ақпан 2022, 22:52
1749
Бөлісу:
Қызылордада есірткі сатушылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада есірткі сатушылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өз үйінде аса ірі көлемде есірткі затын сақтап, тасымалдап жүрген қала тұрғындарын анықтады. Тәркіленген зат бір келіден астам «кептірілген марихуана» екені сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ, ұсталған күдіктінің үйін тінту кезінде 1,5 келіден астам «кептірілген марихуана» табылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) іс қозғалып, күдікті екі азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.


 

Өзгелердің жаңалығы