Қызылордада бүлдіршіннің асқазанынан 1 кг шаш шықты

5 Ақпан 2022, 12:44
1148
Бөлісу:
Қызылордада бүлдіршіннің асқазанынан 1 кг шаш шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 4 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 килограмм, ұзындығы 34 сантиметр болатыншаш шықты.

Бүлдіршін ішім ауырды деп шағымданған. Анасы қызының құсып, асқа тәбетінің болмай жүргеніне алаңдап, дәрігерге апарған, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Медициналық мексеріс барысында ішінде бөгде заттың бары анықталып, жедел ота жасалған.

Дәрігерлер мұндай жағдай соңғы кезде жиі кездесетінін айтты. Былтыр күзде де дәл осындай оқиға болған. Мамандар бұл қан аздықтан, яғни анемиядан болады деп отыр. Сонымен қатар әр нәрсені ауызға салу да зиянды екенін ескертті.

Анасының айтуынша 1 жасынан бастап шаш жей бастаған. Тәбеті нашарлаған. Бұл анемияға байланысты болып тұр. Бала кейіннен жақсы болып кетеді. Әрі қарай шаш жемейді. Қан аздықты емдесе, балалар әрі қарай қалыпты өмір сүреді, - дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әлімжан Төлегенов.

Айта кетері, дәл осындай оқиға Шымкентте де болды. 4 жасар қыздың асқазанынан бір уыс шаш шықты.

Өзгелердің жаңалығы