Қызылордада “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

8 Тамыз 2023, 21:50
553
Бөлісу:
Қызылордада “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Фото: Polisia.kz

 Қызылорда облысында “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, облыс жолдарындағы қауіпсіздікті арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-31 тамыз күндері аралығында облыс көлемінде “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараның 6 күнінде облыс жолдарының 400-ге жуық шақырымына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша 59 ұйғарым тиісті орындарға жолданған.

Жолдарда жұмыстар жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылыс жайларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамаудың 11 дерегі анықталып, тиісті шара көрілді.

Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқарудың 163 дерегі анықталып, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шет елдерге тіркелген көлік құралдарын сақтандыру полюсынсыз басқарған 48 жүргізушіге және міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген 22 жүргізушіге қатысты тиісті әкімшілік хаттамалары рәсімделді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы