Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызылордада 2 млн теңге пара алған полиция қызметкері ұсталды

26 Қараша 2024, 08:33
706
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында Қызылорда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді. Аталмыш ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – деп жазылған полиция хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы