Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты

7 Ақпан 2022, 09:44
1367
Бөлісу:
Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда полицейлері жоғалған 13 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 58 жастағы қала тұрғыны 5 ақпан күні кешкілік уақыт 22:41 шамасында 102 арнасына хабарласып арызданған. 

Қала тұрғынының айтуы бойынша, ұлы сағат 18:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Келеді деген үмітпен ұлының барлық досына, оқытушыларға, туысқандарына хабарласып, мән-жәйді түсіндіріп, іздеу салады.

Телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан, полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Жоғалған жасөспірімді табуға Ақсай ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде, 13 жастағы жасөспірім таңғы 08:00 шамасында қала шетіндегі көпқабатты үйлердің бірінен табылды. 

Ақсай полиция бөлімі және ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. 

Дін аман табылған жасөспірімнің қамқоршысы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, түнімен полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және іздестіру жұмыстарын жүргізген Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері Бактияр Акжігіт пен Орыналы Айкеловке өз алғысын білдіріп, қызметтеріне тек қана жетістіктер тіледі.

Өзгелердің жаңалығы