Қызылорда облысында газ өткізуде заң бұзған компанияға айыппұл салынды

2 Қазан 2022, 13:59
818
Бөлісу:
Қызылорда облысында газ өткізуде заң бұзған компанияға айыппұл салынды

Қызылорда облыстық прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарымен бірлесіп, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаны белгілеуге жол берген «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-не 126,6 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Былтыр аталған серіктестік Қызылорда облысы және оңтүстік макро өңір аумағында электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеген. Оны ұстап тұрумен айналысқан. Облыстық соттың қаулысына сәйкес аталған серіктестік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 126,6 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған 881,4 миллион теңге монополиялық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді, – деп мәлім етті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Ерлан Кәрібаев. 

Серіктестік тарапынан соттың санкциясында көзделген әкімшілік айыппұл мен монополиялық табысты өз еркімен мемлекет бюджетіне төленді.
 

Өзгелердің жаңалығы