Қызылорда облысында ауқымды оқу-жаттығулар өткізіледі

1 Қараша 2023, 22:34
623
Бөлісу:
Қызылорда облысында ауқымды оқу-жаттығулар өткізіледі

Қызылорда облысында «Зымыран-2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының аумағында 2023 жылғы 2-3 қараша күндері республикалық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі өкілдерінің қатысуымен «Зымыран-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Қармақшы ауданының Диірментөбе елді мекенінде ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру кезінде ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау мақсатында өтеді.

Оқу-жаттығу кезінде дүрбелең тудырмай, сабырлылық сақтауға шақырамыз, - деп ескертті Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы