Қызылорда маңындағы өрт сөндірілді

13 Маусым 2023, 01:29
833
Бөлісу:
Қызылорда маңындағы өрт сөндірілді
Фото: Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Қызылорда қаласы маңындағы қураған шөп өрті сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды.

12 маусымда сағат 14.52-де Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Президент саябағына қарама-қарсы орналасқан Шіркейлі каналының шетіндегі қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жолға шықты. Олардың барлау жұмыстары нәтижесінде шамамен 6 гектар аумақтағы шөп өртеніп жатқандығы анықталды. Қатты жел және қолайсыз ауа-райы салдарынан жағдай күрделенді. Жедел әрекет нәтижесінде өрт сағат 17.25-те оқшауланып, сағат 18.10-да толығымен сөндірілді, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнында Өрт сөндіру қызметі, Апаттар медициналық орталығы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» және жергілікті атқарушы органнан 17 техникамен 76 қызметкері жұмыс атқарды.

Өзгелердің жаңалығы