Қызылорда: Балық шабақтары оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін

21 Ақпан 2022, 12:56
1732
Бөлісу:
Қызылорда: Балық шабақтары оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін Қызылорда облысы Арал ауданында шабақтардың қырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Алдын ала болжам бойынша балық шабақтары оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін. 

Жағдайға байланысты құзырлы органдар зерделеу жұмыстарын жүргізген.

Қызылорда: Балық шабақтары оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін

Ұзындығы 1,2 шақырым болатын каналда жалпы 975,2 келі балық қырылған. Шабақтардың кішісі - 4,5 см, ең үлкені-10 см. 

Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері сараптамаға су сынамасын алды. Бірақ сынама нәтижесін күтіп отырмай, балықтарды сақтап қалу үшін тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Жергілікті атқарушы органдармен мұзды ойып, қолдан оттегі жасалды. Тіркелген фактіге қалыңдығы 25 см болатын мұз бен судың аздығы да әсер етіп отыр, - деді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инпекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Қызылорда: Балық шабақтары оттегі жетіспеушілігінен қырылуы мүмкін

Аталған жағдай Арал ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына Сырдария өзенінен су алатын Сағынбай каналының бойында тіркелді. Ғылыми ұйымның алдын ала тұжырымдамасына сәйкес оттегінің балықтар тіршілігі үшін қолайсыз екені белгілі болды. 

Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкерлері оқиға орнына барып, тиісті жұмыстарын атқарып жатыр. Сағымбай каналында 22 мұз ойықтары ойылып, мұз шұңқырлары бұрғыланды. Сонымен қатар белгіленген аумақтарда балық шабақтарының қырылуының алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдану жөнінде жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді, - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдос Аяғанов.

Өзгелердің жаңалығы