Қызығушылығын кәсіпке айналдырған Қызылордалық студент

16 Қаңтар 2023, 09:46
1597
Бөлісу:
Қызығушылығын кәсіпке айналдырған Қызылордалық студент
PHOTO

Қызылордалық шебер қызығушылығын кәсіпке айналдырып, киізден көйлек, сөмке тігеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған Қызылордалық шебер бүгінде өз қызығушылығын табыс көзіне айнадырып отыр. Ол таза шикізатты пайдаланып түрлі бұйымдар дайындайды.

Қолөнерші  қой жүнін Жамбыл облысында сатып алатынын айтады. Жұмыс барысында қой жүнін өңдегеннен соң  киізді киіздей бастайды және оны қажетті түстерге бояйды. Содан соң шеберханада көйлектер, жейделер, шұлықтар тігіледі, үй аяқ киімдері, бас киімдер, белдіктер жасалынады.

Қызығушылығын кәсіпке айналдырған Қызылордалық студент

Шебер  университет қабырғасында оқып жүргенде осы қолөнердің түр-түрін үйренгенін айтады.

Университет қабырғасында білім алып жүргенде үйрендім. Одан соң алғашқы қадамдарды жасадым. Қыздарға арналған сөмкелер, қалпақ, қолғап, камзол, байпақ, түрлі аксессуарлар жасап, көрмелерге шығатынбыз. Студенттік жылдары киіз басуға қатысты ғылыми жобаны сәтті қорғадым. Кейін қосымша курстарға қатысып, білімімді шыңдап, бүгінде осы кәсіппен айналысып отырмын,-дейді шебер.

Қызығушылығын кәсіпке айналдырған Қызылордалық студент
Өзгелердің жаңалығы