ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кинолог ефрейтор Санат Сүлейменов "Диг" атты қызметтік итінің көмегімен Петропавл тұрғынынан есірткі тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында ефрейтор Сүлейменов "Диг" атты қызметтік итінің көмегімен тыйым салынған заттарды тапты.
Қызметтік итім өткір иістерді сезу қабілетіее ие, бұл жолы да күдікті зат орналасқан жерді анық көрсетті. Бір бөлмелі пәтерді мұқият тексеру нәтижесінде ас үйдегі газ плитасының астынан өткір иісі бар ақ түсті зат табылып, тәркіленді, - дейді ефрейтор Санат Сүлейменов.
Айта кету керек, бұл қызметтік иттің тыйым салынған заттарды анықтаған алғашқы жағдайы емес .Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде "Диг" бірнеше рет кэштерде жасырылған есірткі заттарын тапты.
Оқи отырыңыз: