Қызметте жүріп, қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш тақта қойылды

19 Қазан 2023, 14:06
526
Бөлісу:
Қызметте жүріп, қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш тақта қойылды
Фото: ТЖД

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан аға өрт сөндіруші Арслан Құрманбековтің құрметіне өзі еңбек еткен №7 өрт сөндіру бөлімінде ескерткіш белгі қойылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мемориалдық тақтаның ашу рәсімі Арсланның анасы - Бақытгүл Жолдасбекқызына және Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев  берілді.

Қызметте жүріп, қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш тақта қойылды

Өрт сөндіуші болу - абыройлы міндет. Қызыл жалынмен арпалысып жүріп, басын қатерге тікті. Бейбіт күннің батыры атанды. Арсланның елге еңбегі сіңді деп есептеймін. Бауырым өз ісінің маманы, осы атаққа ие деп санаймын. Бүгінгі ашылу салтанаты да әрбір артта келе жатқан жастарға үлгі болады деп ойлаймын. Тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда отқа да, суға да түсетін өрт сөндірушілердің еңбегі ерен, – дейді марқұмның бауыры Ұлан Құрманбеков.

Аға өрт сөндіруші Арслан Құрманбековтің ерлігі ұрпақ жадында қалады. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев өз сөзінде де атап өтті. 

Қызметте жүріп, қаза тапқан өрт сөндірушіге ескерткіш тақта қойылды

Сол күні ол өз ісіне адалдығын, батылдық пен кәсібилігін көрсетті. Бүгін біз өз міндетін ерлікпен атқарған жауынгерімізді еске алып, құрмет көрсету үшін жиналдық. Елінің батырын тәрбиелеген Арсланның анасына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің міндетіміз - әріптесімізді жадымызда сақтау және өскелең ұрпақты осындай батылдық үлгімен тәрбиелеу, – деді Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетейік, Арслан Құрманбеков 8 мамыр күні Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде тұтанған тілсіз жауды ауыздықтау кезінде қаза тапқан болатын. Марқұм ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы