Даниал Ахметов өтірік айтқан директорды қызметінен босатты

4 Желтоқсан 2019, 11:26
14999
Бөлісу:
Даниал Ахметов өтірік айтқан директорды қызметінен босатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектебіне барған болатын. 

Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді. Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді. Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты, - деп жазды Facebook-тағы парақшасында әкім.

Тапсырма бойынша тексеру жүргізілген. Өкінішке қарай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген.

Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. Сіздерден жүзден астам арыз-шағым алдым. Олардың әрқайсымен мұқият танысып шықтым. Жақын арада мектептегі орын тапшылығын шешуге бағытталған жаңа корпустың қолданысқа берілуіне байланысты мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеймін. Сонымен қатар, директордың қызметінен кетуіне қатысты сұрақ та шешіледі, -  деді Даниал Ахметов.


Өзгелердің жаңалығы