Қытаймен визасыз режим: Құжат қытайларға емес, қазақстандықтарға керек - сарапшы

11 Мамыр 2023, 12:13
3083
Бөлісу:
Қытаймен визасыз режим:  Құжат қытайларға емес, қазақстандықтарға керек - сарапшы
Фото: Артём Чурсинов

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Әділ Каукенов Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайға баратын қазақстандықтар үшін виза алу күрделі болған. Әсіресе, бұл жағдайдан бизнес зардап шекті. Талаптар күрделі болған сайын, бизнеске қажетті өнім соншалықты қымбаттай түсті. Қазақстан бұрыннан қытайлық туристердің ағынын көбейткісі келді. Себебі әлем бойынша қытайлық туристер алғашқы орында тұр, - деп айтты Каукенов.

Сарапшының айтуына қарағанда, еліміз 2017 жылы қытайлық транзиттік туристер үшін бір күнге виза алған.

Бұл нәтиже берген соң, 2018 жылы ол 3 күнге ұзартылды. Бұл да оң нәтиже беріп, миграция болмағанын көрсетіп, экономикалық әсер зор болғаннан кейін визасыз режим 2022 жылы 14 күнге дейін ұзартылды. Биыл Қытай осы қадамдарға жауап ретінде қазақстандықтар үшін 30 күнге дейін визасыз режим енгізу алу туралы шешім қабылдады. Қытай үшін визасыз режим 2017 жылдан бастап енгізілген, - деп түсіндірді Әділ Каукенов.

Оның сөзінше, қоғамда визасыз режимге қатысты пікірталастың туындауы өздерінің ақпараттық кеңістігінен шықпауына байланысты болып отыр.

Оған тағы бір себеп оппозициялық күш кейбір жаңалықты төндіріп, саяси бағытта қолдануы мүмкін. Қазір болып жатқан шу 2016 жылы өзекті болған. Қазір визасыз режим қазақстандықтар үшін енгізіліп отыр. Визасыз режим сауда-саттыққа оң әсерін тигізеді. Орталық Азия елдерінің ішінен мұндай мүмкіндік тек қазақстандықтарға беріліп отыр. Қытайда Ресей азаматтары үшін де қатаң визалық режим бар. Қазақстан үшін визасыз режим экономикалық тұрғыда маңызды. Себебі Қытай арқылы бизнес жасайтын бизнесмендер саны өте көп, - деп айтты Әділ Каукенов.

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімге мамырдың ортасында қол қойылуы мүмкін екенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы