Қытаймен сауда тек қарқындылығымен емес, оң динамикасымен де ерекшеленеді

14 Қыркүйек 2022, 19:58
902
Бөлісу:
Қытаймен сауда тек қарқындылығымен емес, оң динамикасымен де ерекшеленеді

Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Қытаймен ынтымақтастық көлік және транзиттік әлеуетті жүзеге асыру, энергетика және сауда-логистика, қаржы салаларында елімізге оң әсер етеді.

Қытайлық компаниялар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан экономикасының жетекші салаларында көптеген ірі жобалар жүзеге асып келеді.  Шекаралық ынтымақтастық нығаюда, бүгінгі таңда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Жыл басында Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 2959 заңды тұлға тіркелсе, олардың басым бөлігі сауда және құрылыс саласында жұмыс істейді, -дейді Додонов.

Қытай Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары ҚХР Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 18%-ын, экспорттың 16%-ға жуығын және импорттың 20%-дан астамын қамтып отыр.

Спикердің атап өтуінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық статистикалық мәліметтерге сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 18 млрд долларды, Қытайға экспорты – 10 млрд долларды, ал Қытайдың импорты – 8 млрд долларға жеткен.

Қазақстан екіжақты саудада айтарлықтай профицитке ие болды. Айта кету керек, Қытаймен сауда тек қарқындылығымен ғана емес, оң динамикасымен де ерекшеленеді.  Осылайша, осы жылдың жеті айында тауар айналымы 13,5 миллиард долларға, ал экспорт 8 миллиард долларға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсті, -дейді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері.

Сондай-ақ Додонов Қытай Қазақстан экономикасының жетекші шетелдік инвесторларының бірі ретінде де әрекет ететінін айтты.

Ұлттық банк мәліметінше, қазіргі уақытта Қытайдан жиналған шетелдік инвестиция көлемі - 13,6 млрд доллар. Осы көрсеткіш бойынша Қытай әлемнің басқа елдері арасында бесінші орында, ал шетелдік инвестицияның жалпы көлеміндегі оның үлесі Қазақстанда жинақталған инвестиция 6% ғана. Сонымен қатар, қытайлық инвестициялардың нақты көлемі келтірілген деректерден айтарлықтай жоғары, өйткені көптеген қытайлық компаниялар басқа елдерде орналасқан өздерінің еншілес компаниялары арқылы Қазақстанға инвестиция салады, алайда бұл инвестициялар статистикада көрсетілмейді. Қытай деректеріне сүйенсек, Қытайдың Қазақстанға салған инвестициясы шамамен 40-50 миллиард доллар көлемінде, -деді ол.

Вячеслав Додоновтың сөзінше, Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге сапары осы және басқа да көптеген салалардағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталып отыр.

Өзгелердің жаңалығы