Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастық жандандырылады

5 Желтоқсан 2023, 17:46
385
Бөлісу:
Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастық жандандырылады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты. 

Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне де назар аударылды. 

Өзгелердің жаңалығы