Қытайлық компания елімізде тау-кен металлургия саласында жобаны жүзеге асырады

Кеше, 23:25
140
Бөлісу:
Қытайлық компания елімізде тау-кен металлургия саласында жобаны жүзеге асырады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев қытайлық "Zijin Mining Group Co. Ltd" компаниясының төрағасы Чен Цзинхэмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында тараптар компанияның Қазақстандағы алтын, мыс және полиметалл кен орындарын игеру жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

"Zijin Mining" өкілдері қолайлы кен орнын іздеу барысы туралы айтты. Бастапқы кезеңде инвестициялар көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды. Қарастырылып отырған жобалар аясында компания кейіннен металдарды балқыту үшін Қазақстанның металлургиялық зауыттарына жіберілетін түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру кемінде 1000 жұмыс орнын ашады және шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Бұдан басқа компания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті, бұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Әлібек Қуантыров қытайлық инвесторларды ҚР инвестициялық ахуалы және мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда, инвестициялық келісімдер тетігі және металлургия секторындағы преференциялар туралы хабардар етті.

Біз тау-кен өнеркәсібінің бағытына жоғары мән береміз. ҚР геологиялық саласын дамыту тұжырымдамасы ел экономикасы үшін пайдалы қазбаларды барлау мен өндірудің ерекше маңызын атап өтеді. Біз сіздердің жобаңызды ҚР аумағында сәтті жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз, – деді министрдің орынбасары.

Өз кезегінде компания өкілдері қазақстандық тарапқа уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы