Қытайдың белгілі саясаткері қайтыс болды

27 Қазан 2023, 11:53
702
Бөлісу:
Қытайдың белгілі саясаткері қайтыс болды

Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің экс-премьері Ли Кэцян жүрек ұстамасынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mir24.tv мәліметінше, жүрек ұстамасынан қайтыс болған Ли Кэцян 68 жаста болған.

Қытай Орталық коммуникациялары мәлім еткендей, соңғы кезде Ли Кэцян Шанхайда демалып жүрген. Өкінішке қарай 26 қазанда ол аяқ астынан жүрек ұстамасына ұшырады. Экс-премьерді аман алып қалу үшін дәрігерлер барлық шараны қабылдады. Алайда Шанхай уақытымен 27 қазан сағат 0:10-де саясаткер дүние салды. 

2013 жылдың наурызында Ли Кэцян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері болып тағайындалды. 2018 жылы ол осы қызметке қайта тағайындалды. 

2012-2022 жылдары Ли Кэцян Қытай Коммунистік партиясы иерархиясында екінші лауазымды тұлға болды. 

Ол пандемия кезінде Үкіметке басшылық етті. 

2023 жылы саясаткер Халық өкілдерінің жалпықытайлық жиналысының жыл сайынғы сессиясында сөз сөйлеп, зейнетке шығатынын мәлім етті. 

2023 жылдың наурызында оның орнына Ли Цян тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы